Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 185 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 158 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 маусымда № 5553 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулыға және шешімге қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Сессия төрағасы,
облыстық мәслихаттың хатшысы
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2017 жылғы 30 мамырдағы № 185/158 әкімдіктің бірлескен қаулысына және мәслихаттың шешіміне қосымша

Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер

      1. Ақтөбе облысы әкімінің және мәслихатының 1997 жылғы 30 мамырдағы № 3 "Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13 тіркелген, 1998 жылғы 6 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      бірлескен шешімнің кіріспесіндегі "11 бап 3 тармағын" сөздері "11-бабының 3) тармақшасын" сөздерімен ауыстырылсын;

      бірлескен шешімнің 1-тармағында "Тымабұлақ с.", "орт. Григорьевка с.", "орт. Вознесеновка с.", "Қаратоғай с.", "орт. Байтөресай с.", "орт Адреевка с.", "Родники пос.", "орт. Бородиновка с.", "орт. Сухиновка с.", "орт. Новоресей", "орт. Қызыл су", "орт. Калининовка", "орт. Жаңа талап с.", "орт. Әліпбасай с.", "орт. Бершүгір", "орт. Қауылжар" сөздері "Тымабұлақ ауылы", "орталығы Григорьевка ауылы", "орталығы Вознесеновка ауылы", "Қаратоғай ауылы", "орталығы Байтөресай ауылы", "орталығы Адреевка ауылы", "Родники ауылы", "орталығы Бородиновка ауылы", "орталығы Сухиновка ауылы", "орталығы Новоресей", "орталығы Қызыл су", "орталығы Калининовка ауылы", "орталығы Жаңа талап ауылы", "орталығы Әліпбасай ауылы", "орталығы Бершүгір", "орталығы Қауылжыр" сөздерімен ауыстырылсын.

      орыс тіліндегі бірлескен шешімнің 3-тармағында, "им.Есета Котибар улы", "им.Есета Котибарулы" сөздері "имени Есета Котибарулы" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      мемлекеттік тілдегі бірлескен шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы", "селолары" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылдары" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Ақтөбе облысы әкімінің және мәслихатының 1997 жылғы 30 мамырдағы № 5 "10.01.97 ж. он төртінші сессияда қабылданған шешімге өзгертулер енгізу туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15 тіркелген, 1998 жылғы 6 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      бірлескен шешімнің тақырыбында және кіріспесінде, "10.01.97 ж." деген сөздер "1997 жылғы 10 қаңтардағы" сөздерімен ауыстырылсын;

      бірлескен шешімнің кіріспесінде "11 бабындағы 3 тармаққа" сөздері "11-бабының 3) тармақшасына" сөздерімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі бірлескен шешімнің 1 және 2-тармақтарындағы "п.1", "с.Курайли", "с.Акшат" сөздері "пункте 1", "пункта 1", "село Курайли", "село Акшат" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      3. Ақтөбе облысының әкімі мен мәслихатының 1997 жылғы 30 мамырдағы № 2 "Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына қосымша өзгертулер енгізу туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16 тіркелген, 1998 жылғы 6 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      орыс тіліндегі бірлескен шешімде "с.Комсомольское" сөздері "село Комсомольское" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      4. Ақтөбе облысының әкімі мен мәслихатының 1998 жылғы 18 наурыздағы № 5 "Қобда ауданының селолық округтері мен селоларының аттарын өзгерту туралы" бірлескен шешiмiнде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24 тіркелген, 1998 жылғы 21 сәуірде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      бірлескен шешімнің кіріспесінде "4 тармағына" сөздері "4) тармақшасына" сөздерімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі бірлескен шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "аульный", "аул" сөздері "сельский", "село" сөздерімен ауыстырылсын;

      мемлекеттік тілдегі бірлескен шешімнің тақырыбында "селолық", "селоларының" сөздері "ауылдық", "ауылдарының" сөздерімен ауыстырылсын.

      5. Ақтөбе облысының әкімі мен мәслихатының 1999 жылғы 21 cәуірдегі № 8 "Хромтау ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 110 тіркелген, 1999 жылғы 25 мамырда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      бірлескен шешімнің кіріспесіндегі "2, 3, 4 тармақтарына" сөздері "2), 3), 4) тармақшаларына" сөздерімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі бірлескен шешімнің 1 және 2-тармақтарында "г.Хромтау" сөздері "город Хромтау" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      бірлескен шешімнің 1 және 3-тармақтарында "131 га", "58254 га", "52105 га" және "58385 га" сөздері "131 гектар", "58254 гектар", "52105 гектар" және "58385 гектар" сөздерімен ауыстырылсын;

      бірлескен шешімнің қосымшаларында бүкіл мәтіні бойынша "Көлемі, га" сөздері "Көлемі гектармен" сөздерімен ауыстырылсын;

      мемлекеттік тілдегі бірлескен шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      6. Ақтөбе облысының әкімі мен мәслихатының 1999 жылғы 21 сәуiрдегі № 6 "Қобда ауданының селолық округтерi мен селоларының аттарын өзгерту туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 111 тіркелген, 1999 жылғы 27 мамырда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      бірлескен шешімнің кіріспесінде "4 тармағына" сөздері "4) тармақшасына" сөздерімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі бірлескен шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "аульный", "аульных", "аул" сөздері "сельский", "сельских", "село" сөздерімен ауыстырылсын;

      мемлекеттік тілдегі бірлескен шешімнің тақырыбында "селолық", "селоларының" сөздері "ауылдық", "ауылдарының" сөздерімен ауыстырылсын.

      7. Ақтөбе облысының әкімі мен мәслихатының 2000 жылғы 23 ақпандағы № 4 "Хобда ауданының Қобда ауылдық округiн құру туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 480 тіркелген, 2000 жылғы 02 мамырда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      орыс тіліндегі бірлескен шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аульный", "аул" сөздері "сельского", "сельский", "село" сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      бірлескен шешімнің кіріспесінде "3 тармағына" сөздері "3) тармақшасына" сөздерімен ауыстырылсын;

      бірлескен шешімнің 1-тармағында "6783 га" сөздері "6783 гектар" сөздерімен ауыстырылсын.

      8. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі № 203/381 "Қобда ауданының Вознесеновка селосын Қурайлы ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3212 тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      орыс тіліндегі бірлескен қаулының және шешімнің тақырыбында және 1-тармақта "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      9. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2009 жылғы 18 сәуірдегі № 120/187 "Алға ауданының Черноводск селолық округін Қарақұдық ауылдық округі деп қайта атау туралы" бірлескен қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3291 тіркелген, 2009 жылғы 02 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      орыс тіліндегі бірлескен қаулының және шешімнің тақырыбында және 1-тармақта "аульный" сөзі "сельский" сөзімен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      10. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 388/340 "Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка селолық округін Ақай селолық округі деп қайта атау туралы" бірлескен қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3351 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      мемлекеттік тілдегі бірлескен қаулының және шешімнің тақырыбында және 1-тармақта "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      11. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 344/392 "Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы селолық округінің Рождественское селосын Бірлік ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3355 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      орыс тіліндегі бірлескен қаулының және шешімнің тақырыбында және 1-тармақта "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылсын;

      мемлекеттік тілдегі бірлескен қаулының және шешімнің тақырыбында және 1-тармақта "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.

      12. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 132/22 "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай селолық округінде Ақтан батыр атындағы ауылды құру туралы" бірлескен қаулысында және шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3393 тіркелген, 2012 жылғы 08 мамырда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған):

      орыс тіліндегі бірлескен қаулының және шешімнің тақырыбында және 1-тармақта "аула", "аул" сөздері "села", "село" сөздерімен ауыстырылсын;

      мемлекеттік тілдегі бірлескен қаулының және шешімнің тақырыбында және 1-тармақта "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады