Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 243 "Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 195 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 шілдеде № 5590 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 "Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11774 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 243 "Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4447 тіркелген, 2015жылғы 10 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 195 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 243 қаулысымен бекітілді

"Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – облыс әкімдігінің жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулысы, аудан әкімдігінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі қаулысы (бұдан әрі – қаулы).

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 "Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызметті алушының (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беруі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауы үшін негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрылымына кіретін әрбір үдерістің (іс-әрекеттің) мазмұны және оның орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Cтандартының 9 – тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсетіп оның көшірмесіне өтінішті қабылдау белгісімен растап, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды жолдайды – 15 (он бес) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және орындаушыға жібереді – 30 (отыз) минуттан аспайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде облыс немесе аудан әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына танысу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қаулы жобасымен танысып жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) кеңсесіне қаулыны облыс немесе аудан әкімінің қол қоюы үшін 3 (үш) сағат ішінде жібереді;

      6) ЖАО кеңсе қызметкері қаулы жобасын облыс немесе аудан әкіміне қол қоюға 3 (үш) сағат ішінде жібереді;

      7) облыс немесе аудан әкімі ұсынылған қаулы жобасымен танысып қол қояды және ЖАО кеңсе қызметкеріне 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді;

      8) ЖАО кеңсе қызметкері қаулыны жауапты орындаушыға 3 (үш) сағат ішінде жібереді;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға (немесе оның сенімхат бойынша өкіліне) қаулы береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      4) ЖАО кеңсе қызметкері;

      5) облыс және аудандардың әкімдері.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшілер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 – тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсетіп оның көшірмесіне өтінішті қабылдау белгісімен растап, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды жолдайды – 15 (он бес) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және орындаушыға жібереді – 30 (отыз) минуттан аспайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде облыс немесе аудан әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына танысу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қаулы жобасымен танысып жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) кеңсесіне қаулыны облыс немесе аудан әкімінің қол қоюы үшін 3 (үш) сағат ішінде жібереді;

      6) ЖАО кеңсе қызметкері қаулы жобасын облыс немесе аудан әкіміне қол қоюға 3 (үш) сағат ішінде жібереді;

      7) облыс немесе аудан әкімі ұсынылған қаулы жобасымен танысып қол қояды және ЖАО кеңсе қызметкеріне 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді;

      8) ЖАО кеңсе қызметкері қаулыны жауапты орындаушыға 3 (үш) сағат ішінде жібереді;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға (немесе оның сенімхат бойынша өкіліне) қаулы береді.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурсында орналастырылады.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

  Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

      "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) келесі көрсетілетін қызметті берушілермен көрсетіледі:


р/н

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функцияларды атқаратын
мемлекеттік орган атауы

Орналасқан жері

Телефон нөмірі

1

2

3

4

1.

"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғ., 40 үй, облыстық әкімдік ғимараты

8 /7132/ 55-09-30

2.

"Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 үй

8 /7132/ 21-96-77

3.

"Алға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Алға ауданы, Алға қаласы, 5 шағын аудан, 4 үй

8 /71337/ 42-6-39

4.

"Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Т.Жүргенев көшесі, 62 үй

8 /71339/ 22-5-12

5.

"Байғанин аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Д.Қонаева көшесі, 36 үй

8 /71345/ 22-3-57

6.

"Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 12 үй

8 /71343/ 21-4-32

7.

"Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбілқайырхан көшесі, 38 үй

8 /71342/ 22-0-11

8.

"Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, С.Сейфуллин көшесі, 38 үй

8 /71331/ 21-8-44

9

"Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жастар шағын ауданы, 12 үй

8 /71333/ 3-48-47

10

"Темір аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Желтоқсан көшесі, 5 үй

8 /71346/ 2-24-91

11

"Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 үй

8 /71339/21-7-46

12

"Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қобда ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 26 үй

8 /71341/ 21-1-01

13

"Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Спортивная көшесі, 2 үй

8 /71336/ 21-7-15

14

"Шалқар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке көшесі, 47 А үй

8 /71335/ 24-4-96

  Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады