Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 "Алға ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 94 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 мамырда № 5485 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 148 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 01.03.2018 № 148 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 "Алға ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 ақпанда және 13 наурызда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы, мәтініндегі және қосымшасындағы "ставкаларын", "ставкалары", "ставкасы" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Р. Кусайнов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Б. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады