Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 311 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 тамызда № 5636 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 78 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 06.03.2020 № 78 қаулысымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алға ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Алға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 281 "Алға ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5034 тіркелген, "Жұлдыз-Звезда" аудандық газетінде 2016 жыл 30 қыркүйекте № 43 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонжарға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі м. а. Г. Сисенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады