"Шибаевка ауылына көше атауын беру туралы" 2008 жылдың 3 қарашадағы № 13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 5255 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, бірлескен Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 242 қаулысы мен Ақтөбе облысы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 392 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3312 болып тіркелген) сәйкес, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарағаш селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 3 қарашадағы № 13 "Шибаевка ауылына көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-62 болып тіркелген, 2009 жылдың 17 ақпандағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауында және бүкіл мәтініндегі "Шибаевка" сөзі "Нұрбұлақ" сөзімен ауыстырылсын;
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарағаш ауылдық округінің әкімі Б.О. Кныков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады