Байғанин аудандық әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 70 "Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 49 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 наурызда № 5304 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Байғанин аудандық әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 70 "Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4881 болып тiркелген, 2016 жылдың 26 мамырында аудандық "Жем Сағыз" газетiнде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі М.Аққағазов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады