Байғанин ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 52 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 5323 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 73 қаулысымен

      Сноска. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 29.03.2018 № 73 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байғанин ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Аққағазов

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Байганинского района

Постановление акимата Байганинского района Актюбинской области от 28 февраля 2017 года № 52. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 14 марта 2017 года № 5323. Утратило силу постановлением акимата Байганинского района Актюбинской области от 29 марта 2018 года № 73

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Байганинского района Актюбинской области от 29.03.2018 № 73 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", статьями 9, 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Байганинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Байганинского района, в размере двух процентов.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ш.Спановой.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района М.Аккагазов