Байғанин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 68 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 наурызда № 5375 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Байғанин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы
      С. Жұбан Б. Турлыбаев

  Аудандық мәслихаттың
2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 68 шешіміне қосымша

Байғанин аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Байғанин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 48 "Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3491 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтарда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған);
      2) Байғанин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 қарашадағы № 96 "Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 48 "Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3693 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған);
      3) Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 174 "Байғанин ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 48 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4392 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 шілдеде аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады