Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 "Базалық салық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 63 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 5411 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байғанин аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 "Базалық салық ставкаларын түзету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-73 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары" деген сөздер "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" сөздерімен ауыстырылсын;
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия
Байғанин аудандық мәслихатының
      төрағасы хатшысы
      С. Жұбан Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады