Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 "Байғанин ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 213 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда № 5725 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 26.01.2021 № 10 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 "Байғанин ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5272 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Байғанин ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы";

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Байғанин ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.";

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері";

      "Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері /теңге/" төртінші бағаны алынып тасталсын.

      2. "Байғанин аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Жаңабайға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі А.Шериязданов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады