Байғанин ауданы Жарқамыс селолық округі әкімінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 11 "Жарқамыс ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 тамызда № 5624 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Жарқамыс селолық округі әкімінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 11 "Жарқамыс ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-125 тіркелген, 2011 жылғы 03 қарашада "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі шешімнің деректемесінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;

      шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жарқамыс ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы";

      1 тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Жарқамыс ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне келесідей атаулар берілсін:

      Жарқамыс ауылында:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарқамыс ауылдық округі әкімі Р.Обаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады