Байғанин ауданы Қопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 9 "Қопа ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 28 сәуірде № 5475 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданы Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Қопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 9 "Қопа ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-132 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі деректемелеріндегі және мәтініндегі "селолық", "селосына" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің 1 тармағының бірінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қопа ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:".

      орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "село Ебейти:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қопа ауылдық округі әкімі М.Байтақ

О внесении изменений и дополнения в решение акима Копинского сельского округа Байганинского района от 25 октября 2011 года № 9 "О присвоении наименований безымянным улицам некоторых населенных пунктов Копинского сельского округа"

Решение акима Копинского сельского округа Байганинского района Актюбинской области от 20 апреля 2017 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 28 апреля 2017 года № 5475

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Конституционным Законом Республики Казахстан от 3 июля 2013 года "О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан и в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам исключения противоречий, пробелов, коллизий между нормами права различных законодательных актов и норм, способствующих совершению коррупционных правонарушений и статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", аким Копинского сельского округа Байганинского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение акима Копинского сельского округа Байганинского района от 25 октября 2011 года № 9 "О присвоении наименований безымянным улицам некоторых населенных пунктов Копинского сельского округа" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-4-132, опубликованное 22 ноября 2011 года в районной газете "Жем-Сағыз") следующие изменения и дополнение:      

      в реквизитах и тексте указанного решения на казахском языке слова "селолық", "селосына" заменить словами "ауылдық", "ауылы";

      абзац первый пункта 1 решения изложить в следующей новой редакции:

      "1. Присвоить следующие наименования безымянным улицам некоторых населенных пунктов Копинского сельского округа:

      пункт 1 решения на русском языке дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "село Ебейти:".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Копинского сельского округа М.Байтак