Әлімбет селолық округі әкімінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 2 "Әлімбет селолық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 сәуірде № 5449 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Әлімбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әлімбет селолық округі әкімінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 2 "Әлімбет селолық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-143 болып тіркелген, 2012 жылдың 14 маусымында аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының
      Әлімбет ауылдық округінің әкімі Т.Жаналин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады