Бадамша селолық округі әкімінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 5 "Бадамша селосының Степная көшесін Талжібек Имашева атындағы көшесі деп қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 маусымда № 5550 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бадамша селолық округі әкімінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 5 "Бадамша селосының Степная көшесін Талжібек Имашева атындағы көшесі деп қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3-6-102 болып тіркелген, 2010 жылдың 6 мамырда аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының
      Бадамша ауылдық округінің әкімі Е.Дабилдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады