Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 "Жер салығының базалық ставкасын жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 70 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 5419 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында, мәтіні бойынша орыс тілінде "Хобдинского", "Хобдинский" сөздері "Кобдинского", "Кобдинский" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 22.12.2017 № 129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 қазақ тіліндегі "Жер салығының базалық ставкасын жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-68 тіркелген, 2009 жылғы 28 мамырда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы және бүкіл мәтіні бойынша "ставкасын", "ставкаларын", "ставкалары" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемері" сөздерімен ауыстырылсын;

      1 тармағында:

      "378" сандары алынып тасталсын;

      4 тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Аудандық мәслихаттың хатшысы
      А.Борамбаев Ж.Ерғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады