Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 4 "Қызылжар ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелерінің атаулары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 сәуірде № 5444 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 4 "Қызылжар ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелерінің атаулары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-110 тіркелген, 2011 жылғы 25 тамызда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылсын;

      қазақ тіліндегі шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қызылжар ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін атау туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қызылжар ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 20 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық округі әкімінің м.а. Б.Амантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады