Жайсаң ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 сәуірде № 5451 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Жайсаң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жайсаң ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 "Жайсаң ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-65 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспе бөлігінде "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөзімен ауыстырылсын.
      2) Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 06 қыркүйектегі № 1 "Жайсаң ауылдық округі көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-138 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қазанда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жайсаң ауылдық округінің әкімі Ж. Есмухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады