Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 14 "Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Сағашилі ауылының көше атауларын қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 мамырда № 5504 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 14 "Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылдық округінің Сағашилі ауылының көше атауларын қайта туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-167 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      орыс тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еңбек ауылдық
      округінің әкімі А.Медеуова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады