Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 82 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда № 5287 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 382, 387 баптарына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Темір аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3–10–92 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында, бүкіл мәтіні бойынша және № 1 қосымшасында "ставкасын", "ставкалары", "ставкасы", "бекітілсін", "№ 1 қосымшаға", "№ 1 қосымша", "алаңға" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемелері", "мөлшері", "төмендетілсін", "қосымшаға", "қосымша", "жер учаскелеріне" сөздерімен ауыстырылсын;
      2 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 379, 381 және 383 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға жоғарылатылсын.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Темір аудандық мәслихатының Темір аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы хатшысы
      Г.ҚАЛИЕВА Б.ІЗБАСОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады