Қайыңды селолық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 2 "Қайыңды селолық округі елді мекендерінің көшелерін атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 09 ақпандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 ақпанда № 5269 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Респуликасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. Қайыңды селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 23 маусымдағы № 2 "Қайыңды селолық округі елді мекендерінің көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-74 тіркелген, 2008 жылғы 16 шілдеде аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қайыңды ауылдық округінің әкімі А. Мустафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады