Тасқопа селолық округі әкімінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 2 "Тасқопа селосы көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 03 ақпандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 ақпанда № 5268 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес Тасқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқопа селолық округі әкімінің мемлекеттік тілінде 2008 жылғы 20 маусымдағы № 2 "Тасқопа селосы көшелеріне атау беру туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-81 тіркелген, 2008 жылғы 23 шілдеде аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілісін:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының", сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Тасқопа ауылдық округінің әкімі М.Қожақова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады