Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 101 "Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 88 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 03 наурызда № 5281 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 189 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 189 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 101 "Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-80 болып тіркелген, 2009 жылдың 12 ақпанында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында, мәтінінде және № 1 қосымшасында "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қазақ және орыс тілдегі шешімінің №1 қосымшасындағы "№1 қосымшаға", "№ 1 қосымша", "в приложению № 1", "приложение № 1" сөздері "қосымшаға", "қосымша", "в приложении", "приложение" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Қ.Төлепбергенов Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады