Хромтау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 276 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдардын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 100 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 5465 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 276 "Сайлау өткiзу кезеңiнде үгiттiк баспа материалдардын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4031 тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі атауында "материалдардын" сөзі "материалдарын" сөзімен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Жаконовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Бердалин
      Келісілді:
      Хромтау аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      ___________ С. Сагимбаев

  Хромтау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 14 сәуірдегі
  № 100 қаулысына қосымша
  Хромтау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 276 қаулысына қосымша

Хромтау ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар ТІЗІМІ


Қала және ауылдық округтердің атауы
Қала немесе елді мекен атауы
Үгіттік баспа материалдарын
орналастыруға арналған орындар
1
Ақжар
ауылдық округі
Ақжар ауылы
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы стенд
Жазык бекеті
бастауыш мектеп ғимаратының алдындағы стенд
2
Аққұдық
ауылдық округі
Аққұдық ауылы
орта мектеп ғимаратының алдындағы стенд
3
Абай
ауылдық округі
Абай ауылы
орта мектеп ғимаратының алдындағы стенд
4
Бөгетсай
ауылдық округі
Бөгетсай ауылы
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы стенд
Талдыбұлақ ауылы
№ 3-1 ауылдық үйінің алдындағы стенд,
Ыбырай Алтынсарин көшесі
Қарлау ауылы
бастауыш мектеп ғимаратының алдындағы стенд
5
Дөң
ауылдық округі
Дөң ауылы
орта мектеп ғимаратының алдындағы стенд
Онғар ауылы
орта мектеп ғимаратының алдындағы стенд
6
Қызылсу
ауылдық округі
Қызылсу ауылы
орта мектеп ғимаратының алдындағы стенд
Сарсай ауылы
ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд
7
Құдықсай
ауылдық округі
Кұдыксай ауылы
негізгі мектеп ғимаратының алдындағы стенд
Ойсылқара ауылы
ескі мектеп ғимаратының алдындағы стенд
8
Қопа
ауылдық округі
Қопа ауылы
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы стенд
Тамды ауылы
орта мектеп ғимаратының алдындағы стенд
9
Көктау
ауылдық округі
Көктау ауылы
орта мектеп ғимаратының алдындағы стенд
10
Көктөбе
ауылдық округі
Майтөбе ауылы
орта мектеп ғимаратының алдындағы стенд
Көктерек ауылы
ескі медициналық пункт ғимаратының алдындағы стенд
11
Тассай
ауылдық округі
Тассай ауылы
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы стенд
Көкпекты ауылы
ескі мектеп ғимаратының алдындағы стенд
12
Некілтау ауылы
Некілтау ауылы
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы стенд
13
Табантал
ауылдық округі
Табантал ауылы
ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд
Көптогай ауылы
№ 21 ауылдық үйінің алдындағы стенд,
Көптоғай көшесі
14
Тасөткел
ауылдық округі
Тасөткел ауылы
ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд
Ақтасты ауылы
№ 5 ауылдық үйінің алдындағы стенд,
Ащы көшесі
Ақбұлақ ауылы
№ 14 ауылдық үйінің алдындағы стенд,
Бұлақ көшесі
15
Хромтау қаласы
Хромтау қаласы
қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы стенд
"Саяхат" автобекеті ғимаратының алдындағы стенд
Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алдындағы стенд

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады