Ақжар ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 24 "Ақжар ауылдық округінің Жазық бекетінің көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 61 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 5728 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжар ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 24 "Ақжар ауылдық округінің Жазық бекетінің көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-73 тіркелген, 2009 жылы 08 қаңтарда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ Ақжар ауылдық округінің Жазық бекетінің тұрғындарының 2008 жылғы 15 желтоқсандағы конференциясының хаттамасына сәйкес, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжар ауылдық округінің әкімі Н. Изтлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады