Көктөбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 1 "Көктөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктөбе ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 маусымда № 5519 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Көктөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көктөбе ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 5 ақпандағы № 1 "Көктөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-82 тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Көктөбе ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының 2009 жылғы 05 ақпандағы конференциясының хаттамасына сәйкес, Көктөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көктөбе ауылдық округінің әкімі Б. Сатмухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады