Қызылсу ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 8 "Қызылсу ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 5729 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Қызылсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылсу ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 28 қарашадағы № 8 "Қызылсу ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-70 тіркелген, 2008 жылы 29 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына және Сарысай, Кызылсу елді мекендері тұрғандарының пікірін ескере отырып 2008 жылғы 28 қазандағы № 1, № 2 конференциясы хаттамасына сәйкес, Қызылсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылсу ауылдық округінің әкімі Р. Кенжебаев

О внесении изменения в решение акима Кызылсуского сельского округа от 28 ноября 2008 года № 8 "Қызылсу ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы"

Решение акима Кызылсуского сельского округа Хромтауского района Актюбинской области от 28 ноября 2017 года № 11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 7 декабря 2017 года № 5729

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан от 9 февраля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам местного государственного управления и самоуправления", аким Кызылсуского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Внести в решение акима Кызылсуского сельского округа на казахском языке от 28 ноября 2008 года № 8 "Қызылсу ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-12-70, опубликованное 29 декабря 2008 года в районной газете "Хромтау") следующее изменение:

      преамбулу указанного решения изложить в новой редакции:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына және Сарысай, Кызылсу елді мекендері тұрғандарының пікірін ескере отырып 2008 жылғы 28 қазандағы № 1, № 2 конференциясы хаттамасына сәйкес, Қызылсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кызылсуского сельского округа Р. Кенжебаев