Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 136 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қарашада № 5692 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 112 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 112 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 26.05.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Т. Махамбетов
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы №136 шешіміне қосымша

Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 06.12.2019 № 395 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалғадаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 26.05.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 03.02.2021 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 3-1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 03.02.2021 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 3-2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 03.02.2021 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      5. алынып тасталды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 493 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      6-1. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 21500 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қосымша 6-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 26.05.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 26.05.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 03.02.2021 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      10. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларына сәйкес жүргізіледі:

      1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

      2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

      1 адамға - 50 киловатт;

      2 адамға - 100 киловатт;

      3 адамға – 150 киловатт;

      4 және одан да көп адамға - 200 киловатт;

      3) газ пайдалану нормалары - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      4) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді күтіп-ұстау ай сайын:

      1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға:

      1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

      6) жылумен жабдықтау ай сайын:

      1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

      7) тұрмыстық қалдықтарды шығару-ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      8) кәріз қызметтері-ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      9) сумен жабдықтау қызметтері-ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады;

      коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады;

      10) телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады