Шалқар ауданы Айшуақ селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 10 "Елді мекендерге көше атауын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 5461 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауданы Айшуақ селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 10 қазақ тіліндегі "Елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-116 тіркелген, 2009 жылғы 9 қыркүйекте аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің бірінші абзацы 1 тармақ болып саналсын және келесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Айшуақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Бегімбет ауылының көшелеріне атау берілсін:";
      1 тармақ 2 тармақ болып саналсын;
      2 тармақ 3 тармақ болып саналсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Айшуақ ауылдық округінің әкімі А. Саттыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады