Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 24-134 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 14 желтоқсанда № 4420 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 18-107 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 24.03.2022 № 18-107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының "Көліктік-логистикалық, индустриялдық, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын дамыту, аграрлық сала, жер қатынастары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы С.К. Алимкулова
      Жамбыл аудандық
      мәслихатының хатшысы С.М. Жұрын

  Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы "6" желтоқсандағы № 24-134 шешімімен бекітілген қосымша

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

      5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады