Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 02 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 25 қаңтарда № 4082 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 22.02.2024 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байтаева Күлпаш Ізмұхановнаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы А. Қалиасқаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады