"Сарқан ауданының Сарқан қаласындағы көшені қайта атау туралы" 2016 жылғы 25 қарашадағы № 12-59 және 2016 жылғы 25 қарашадағы № 1-2 бірлескен Сарқан аудандық мәслихатының шешімі мен Сарқан ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 19-90 шешімі және Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 1-2 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 4 шілдеде № 4264 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. "Сарқан ауданының Сарқан қаласындағы көшені қайта атау туралы" 2016 жылғы 25 қарашадағы № 12-59 және 2016 жылғы 25 қарашадағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4035 тіркелген, 2017 жылдың 13 қаңтарында "Сарқан" газетінде жарияланған) бірлескен Сарқан аудандық мәслихатының шешімі мен Сарқан ауданы әкімдігінің қаулысының қүші жойылды деп танылсын.

      2. Осы бірлескен Сарқан аудандық мәслихатының шешімі мен Сарқан аудандық әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының "Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Сарқан аудандық мәслихатының шешімі мен Сарқан аудандық әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы М. Тусупов
      Сарқан ауданының әкімі Е. Кошанбеков
      Сарқан аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады