Талғар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 12-784 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 22 желтоқсанда № 4444 болып тіркелді

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 09 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талғар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Талғар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Талғар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарға жолдауын;

      4) осы қаулыны Талғар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ч.М.Мамановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданының әкімі Р.Садыкова

  Талғар ауданы әкімдігінің 2017жылғы "07" 12 "Талғар ауданының қоғамдық тәртіпке қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалайсыйақының мөлшерін айқындау туралы" № 12-784 қаулысына қосымша

Талғар ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) граммотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Талғар аудандық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Талғар ауданының ІІБ) енгізеді.

      4. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      5. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермелеушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.

      6. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Талғар ауданының ІІБ бастығының бұйрығы шығарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады