Жамбыл облысының ауылдық округі мен кейбір ауылдарды қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 312 және Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 20-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 ақпанда № 3695 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 24 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл облысының мынадай ауылдық округі мен ауылдар:

      1) Жамбыл ауданы Пионер ауылдық округі Қарасу ауылдық округі;

      2) Жамбыл ауданы Пионер ауылдық округінің Пионер ауылы Ащыбұлақ ауылы;

      3) Жамбыл ауданы Ақбастау ауылдық округінің Октябрь-Жеміс ауылы Шоқай ауылы;

      4) Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің Қызылтаң ауылы Әулиекөл ауылы;

      5) Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің Октябрь ауылы Кемел ауылы;

      6) Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округінің Кеңес ауылы Айдарлы ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.

      3. Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі А. Мырзахметов
      Облыстық мәслихаттың сессиясының төрағасы М. Ескендіров
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады