2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 935 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қаңтарда № 3681 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тараз қаласы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін 2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің тізімдік санынан квоталар 1, 2-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

      2. "Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындауын бақылау қала әкімінің орынбасары Жасұлан Рахымбайұлы Ханалиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Р. Дәулет

  Тараз қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 935 қаулысына 1-қосымша

2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Эльба" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

32

3,1%

1

2

"Комбинат школьно-студенческого питания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

1,2%

1

3

"Жасыл Ел-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

250

0,4%

1

4

"Бағыт-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

25

4%

1

5

"Тараз металлургиялық зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

675

0,1%

1

6

"Фабрика ПОШ-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

78

1,3%

1

 

Барлығы

1140


6

  Тараз қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 935 қаулысына 2-қосымша

2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

      Ескерту. 2- қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 31.05.2018 № 1154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкер лердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар

Жұмыскер лердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындары ның саны (бірлік)

Жұмыскерлер дің тізімдік санынан %

Жұмыс орындары ның саны (бірлік)

1

"Эльба" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

32

3,1%

1

3,1%

1

2

"Жасыл Ел-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

250

8%

20

8%

20

3

"Бағыт-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

25

4%

1

4%

1

4

"Фабрика Пош-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

78

5,1%

4

5,1%

4

5

"Тараз металлургиялық зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

675

0,9%

6

0,9%

6

6

"Жамбыл-Жылу" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

730

0,2%

1

0,2%

1

7

"Тараз-су" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

649

0,2%

1

0,2%

1

8

"Казфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3805

0, 13%

5

0, 13%

5

9

"Тараз энергоорталығы" ақционерлік қоғамы

408

0,3%

1

0,3%

1

10

"Имсталькон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жамбыл металлоконструкциялар зауыты

627

0,3%

2

0,3%

2

11

"Арайстроймаркет-2003" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

119

1,22%

1

1,22%

1

12

"ТаразКожОбувь жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

397

0,3%

1

0,3%

1

13

Т.И.Батуров атындағы "Жамбыл Мемлекеттік аудандық электр станциясы" акционерлік қоғамы

495

0,2%

1

0,2%

1

14

"KATSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

74

1,36%

1

1,36%

1

15

"АулиеатаТрансПасс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

215

1%

2

1%

2

16

"ТаразПроммонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

101

1%

1

1%

1

17

"Жамбылхимстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

104

1%

1

1%

1

18

"ТаразҚұрылысИнвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

277

0,4%

1

0,4%

1

19

"ҒимаратТемірБетон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

203

0,5%

1

0,5%

1

20

"Жамбыл гипс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

161

0,7%

1

0,7%

1

21

"№1 Тараз автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

103

1%

1

1%

1

22

"Азия Құрылыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

130

1%

1

1%

1

23

"Металлоконструкция лар және резервуарлар зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

189

1%

2

1%

2

24

"Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

59

1,7%

1

1,7%

1


Барлығы

9906


58


58

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады