Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 286 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 3529 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Байзақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кенжебаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.      

      Аудан әкімі Р. Рахманбердиев

      Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы 2017 жылғы 25 тамыздағы №286 қаулысына келісім парағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Байзақ аудандық мәслихатының хатшысы

      Н.Тлепов

      "25" тамыз 2017 жыл

  Байзақ ауданы әкімдігінің 2017
жылғы 25 тамыздағы №286
қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, бөлім және зертхана меңгерушілері;

      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық дәрігерлері, акушер, медбике, медициналық зертханашы, психолог, рентген зертханашысы, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер, фельдшер, фельдшер-зертханашы, зертханашы (оның ішінде зертханашы – бактериолог, лаборант – паразитолог, санитарлық – гигиеналық зертхананың зертханашысы).

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) бөлімше жетекшілері, оның ішінде: бөлім меңгерушісі;

      2) мамандары (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.

      3. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) гимназияның, мектептің, мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелердің директорлары, оқу және тәрбие істерінің меңгерушілері, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;

      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық мұғалімдері (оның ішінде: дефектолог мұғалім, логопед, бастапқы әскери дайындық мұғалімі, қосымша білім беру педагогы, әлеуметтік педагог), әдіскер, психолог, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының медбикесі, аға вожатый, вожатый, тәрбиеші, музыка маманы, кітапханашы, өндірістік оқыту шебері, музыка жетекшісі, нұсқаушы (оның ішінде балалармен жұмыс, еңбек және өндірістік оқыту бойынша).

      4. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) мәдениет үйі, мұражай, аудандық кітапхана директорлары және директордың орынбасарлары, кітапхана, жинақтау және өңдеу бөлімінің, қызмет көрсету бөлімінің, ақпаратты библиографиялық бөлімінің, даму бөлімінің, филиалдың, мемориалдық кешеннің меңгерушілері;

      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: әдіскер (оның ішінде кітапханаларды дамыту бөлімінің), барлық атаулы суретшілер, шығармашылық жетекші, кітапханашы, аға библиограф, экскурсия жетекшісі, редактор, режиссер, мұражай қорының сақтаушысы, ғылыми қызметкер, қоюшы-оператор, желілік киноаппаратура және дыбыс жазу операторы, дыбыс режиссері, хореограф, үйірме жетекшісі, солист, музыкалық жетекші, дирижер (оның ішінде оркестр жетекшісі), концертмейстер, инструктор, клуб меңгерушісі, инспектор, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, балетмейстер, хормейстер, киномеханик, қорлардың, экспонаттардың құндылығын сақтаушы.

      5. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) барлық спорт мектептердің директоры және директордың орынбасары;

      2) барлық мамандық жаттықтырушылары, медбике, әдіскер, әдіскер-нұсқаушы.

      6. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік кәсіпорынның директоры және директордың орынбасары, бекет меңгерушісі;

      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: (бас) мал дәрігерлері (оның ішінде дәрігер-дезинфектор, дәрігер-эпизоотолог), ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық санитар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады