Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 19-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 қазанда № 3564 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 15-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 29.10.2021 № 15-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты.ШЕШІМ.ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару.Қағидалары.бекітілсін.

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихаттың экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      төрайымы Г.Туралиева
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Н.Тлепов

  Байзақ аудандық мәслихатының
2017 жылғы 23 қазандағы №19-6
шешiмiмен бекiтiлген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып белгіленеді.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларга сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Решение Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 23 октября 2017 года № 19-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 31 октября 2017 года № 3564. Утратило силу решением Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 29 октября 2021 года № 15-3

      Сноска. Утратило силу решением Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 29.10.2021 № 15-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Байзакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность.

      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросу экологии, природных ресурсов, здравоохранения, по делам семьи и женщин, вопросы социальной защиты населения и инвалидов с низким уровнем дохода.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      районного маслихата Г. Туралиева
      Секретарь
      районного маслихата Н. Тлепов

  Утвержден решением Байзакского
районного маслихата от
23 октября 2017 года №19-6

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление бесхозяйными отходами осуществляется местным исполнительным органом района.

      4. Для целей управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из представителей заинтересованных структурных подразделений (далее - Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению отходами определяется отдел жилищно –коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Байзакского района.

      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование отходов осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833.

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.