"Ауданның елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті тәртіпте ұстау мен қорғаудың Ережесін бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы №18-2 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 наурыздағы № 9-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 3348 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ауданның елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті тәртіпте ұстау мен қорғаудың Ережесін бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы № 18-2 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15 болып тіркелген).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы М. Самбетовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл аудандық мәслихат Жамбыл аудандық
      cессиясының төрайымы: мәслихат хатшысы:
      И. Тоғанбаева Р. Бегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады