Айшабибі ауылдық округіне қарасты Айшабибі, Қызылтаң ауылдарындағы көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабиби ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 26 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 маусымда № 3460 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысын және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төмендегі көшелердің атауы өзгертілсін:

      Айшабибі ауылындағы:

      Квант көшесі – Ынтымақ.

      Қызылтаң ауылындағы:

      Қызылтаң көшесі – Кербұлақ;

      Қызылтаң 1 көшесі – Үштөбе.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Айшабибі ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Тапжановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айшабибі ауылдық округінің әкімі Р. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады