"Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 23-11 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 қазандағы № 19-24 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қарашада № 3577 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Т. Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Т. Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2014 жылдың 28 наурыздағы № 23-11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2190 болып тіркелген, 2014 жылдың 13 мамырында "Құлан таңы-Огни Кулана" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысының міндетін
      атқарушы
      С. Мамырбаев Т. Джаманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады