Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 200 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қарашада № 3598 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 124 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 29.05.2019 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Сарысу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 60 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 21 сәуіріндегі № 3399 болып тіркелген, Сарысу аудандық "Сарысу" газетінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 40-41 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Д. Асановаға жүктелсiн.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы О. Көкей

  Сарысу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 200 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 28.04.2018 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)

Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам)

1

2

3

4

5

1.

"Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Болашақ балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

76

2 %

1

2.

"Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

98

2 %

2

3

"Сарысу ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жаңатас-Су-Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

50

2 %

1

4

"Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

161

3 %

5

5

"Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің М. Әуезов атындағы мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

140

3 %

4

6

"Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

99

2 %

2

7

"Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

3 %

3

8

"Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

77

2 %

1

9

"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

170

3 %

5

10

"Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

2 %

1


Барлығы

1044


25

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады