Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/01 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 55/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 4356 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 35/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 03.06.2020 № 35/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 816 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/01 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3441 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 22 қазанында, 2015 жылдың 29 қазанында № 151-152 (21902-21903) "Индустриальная Караганда", 2015 жылдың 29 қазанында № 175-176 (22060) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі Е. Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады