Қарағанды облысының кейбір елді мекендері мен елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 68/02 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 245 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қарашада № 4455 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы және 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындылары негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра ауданының келесі елді мекендері:

      Щербаковское ауылы – Қайнар ауылы;

      Киевка кенті – Нұра кенті деп қайта аталсын.

      2. Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің Дальнее ауылы – Аманқоңыр ауылы деп қайта аталсын.

      3. Сәтбаев қаласының жаңа 6-шы шағын ауданы – Нұрлы мекен шағын ауданы деп аталсын.

      4. Приозерск қаласындағы Центральная көшесі – Тәуелсіздік көшесі;

      Приозерск қаласындағы Пионерская көшесі – Ақмамық көшесі;

      Приозерск қаласындағы Нагорная көшесі – Көкжиек көшесі;

      Приозерск қаласындағы Приморская көшесі – Бәйтерек көшесі;

      Приозерск қаласындағы Приозерная көшесі – Көктеңіз көшесі;

      Приозерск қаласындағы Новая көшесі – Қоржынтүбек көшесі;

      Приозерск қаласындағы Песчанная көшесі – Наурыз көшесі;

      Приозерск қаласындағы Совет Армиясы бульвары – Жеңіс бульвары деп қайта аталсын.

      5. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М.Әдекенов) жүктелсін.

      6. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов
      Қарағанды облыстық
мәслихаты сессиясының төрағасы
Қ. Оспанова
      Қарағанды облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Өтешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады