2018 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 06-ш шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қарашада № 4452 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) бұйрығын орындау мақсатында, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында, тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын.

      2. Гүлшат және Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының басшылары, пәтерлер меншік иелері кооперативтері "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес 2001 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін беру ұсынылсын.

      3. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақыру жасына дейінгілердің медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.

      4. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (Н.У. Аманжолов) 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін қала әкіміне 2001 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қорытындысы жөнінде ақпарат берсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі орынбасары Саягуль Жаксылыковна Жаксылыковаға жүктелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі А. Аглиулин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарағанды облысы Балқаш
қалалық қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі" республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
2017 жылғы "02" қараша
_________________Н.У. Аманжолов

Об организации и проведении приписки граждан к призывному участку в январе-марте 2018 года

Решение акима города Балхаш Карагандинской области от 2 ноября 2017 года № 06-р. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 20 ноября 2017 года № 4452

      Руководствуясь Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", во исполнение Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих" и приказа Министра обороны Республики Казахстан от 24 января 2017 года № 28 "Об утверждении Правил воинского учета военнообязанных и призывников" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14881), аким города Балхаш РЕШИЛ:

      1. С января по март 2018 года организовать приписку к призывному участку граждан, которым в год приписки исполняется 17 лет.

      2. Рекомендовать акимам поселков Гулшат и Саяк, руководителям организаций, учебных заведений, кооперативам собственников квартир предоставить списки граждан 2001 года рождения согласно приложению 1 Правил воинского учета военнообязанных и призывников, утвержденных приказом Министра обороны Республики Казахстан от 24 января 2017 года № 28 "Об утверждении Правил воинского учета военнообязанных и призывников" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14881) в республиканское государственное учреждение "Объединенный отдел по делам обороны города Балхаш Карагандинской области", для прохождения приписки к призывному участку.

      3. Рекомендовать руководителям организаций образования и иных организаций при получении допризывниками повесток на медицинскую комиссию освободить их от работы, учебы для прохождения медицинского освидетельствования и сбора документов.

      4. Республиканскому государственному учреждению "Объединенный отдел по делам обороны города Балхаш Карагандинской области" (Аманжолов Н.У.) до 15 апреля 2018 года предоставить акиму города информацию об итогах приписки граждан 2001 года рождения к призывному участку.

      5. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима города Балхаш Жаксылыкову Саягуль Жаксылыковну.

      6. Настоящее решение вводится в действие после его первого официального опубликования.

     

      Аким города Балхаш А. Аглиулин

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник республиканского
государственного учреждения
"Объединенный отдел
по делам обороны города Балхаш
Карагандинской области"
"02" ноября 2017 года
____________ Н.У. Аманжолов