Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 3/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 4142 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 17/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 17.04.2019 № 17/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Шахтинск қаласы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының қолданымдағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына ұсынуын қамтамасыз етсін.

      4. "Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі орынбасары Л.Д. Буравкоға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Аймаков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 12 қаңтардағы
№ 3/1 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілген

қызметтердің тізбесі

Атауы

1

Қалалық атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

2

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандар салуға және салынғанын қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады