Байланыс формасы

2017 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 05/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 4160 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Абай ауданының әкімі С. Шайдаров

  Абай ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
2017 ж. "10" ақпан
№ 05/02

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі


Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квота көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1
"№10 мектеп Гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
101
3
3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады