Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 4132 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 22.05.2017 № 03 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің Белдеутас ауылында, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Ақшоқы ауылында, Қырғыз ауылдық округінің Борлыбұлақ, Кент ауылдарында, Қаракөл ауылдық округінің Қаракөл ауылында, Тегісшілдік ауылдық округінің Жарлы, Қарынши ауылдарында, Абай ауылдық округінің Айнабұлақ ауылында, Жаңатоған ауылдық округінің Ежебай ауылында, Қайнарбұлақ ауылдық округінің Жалпақшілік, Милыбұлақ ауылдарында, Қаршығалы ауылдық округінің Жаңа жол ауылында, Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің Бастал ауылында, Темірші ауылдық округінің Қараағаш ауылында, Балқантау ауылдық округінің Айнабұлақ және Шарықты ауылдық округінің Қызылшілік, Шөптікөл ауылдарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Токмурзин тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады