2017 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 46 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 наурызда № 4166 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.

      2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 229 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4012 болып тіркелді, 2016 жылғы 5 қарашада "Қарқаралы" газетінің № 89-90 (11512) санында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 07 қарашасында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 46 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

"Қарқаралы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

234

3

7

2

"Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

87

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады