Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 02 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 сәуірде № 4222 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 03.10.2017 № 05 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің Аққора, Ақбай-Қызылбай, Белдеутас, Сарыобалы, Талды ауылдарында, Балқантау ауылдық округінің Айнабұлақ, Қарабұлақ ауылдарында, Бесоба ауылдық окургінің Бесоба, Қарашоқы, Қызылту ауылдарында, Жаңатоған ауылдық округінің Ежебай, Жаңатоған ауылдарында, Қайнарбұлақ ауылдық округінің Аппаз, Жалпақшілік, Милыбұлақ, Саз ауылдарында, Қаракөл ауылдық округінің Қаракөл ауылында, Қаршығалы ауылдық округінің Жаңажол, Көктас, Саумалкөл ауылдарында, Қырғыз ауылдық округінің Борлыбұлақ, Бүркітті, Жәнібек, Кент, Талды ауылдарында, Қоянды ауылдық округінің Атантай, Қоянды ауылдарында, Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің Бастал, Өсібай, Көлбасы ауылдарында, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Ақшоқы, Жарлы, Жекежал ауылдарында, Тәттімбет ауылдық округінің Ақтасты, Шілдебай ауылдарында, Тегісшілдік ауылдық округінің Жарлы, Қарынши, Тегісшілідік ауылдарында, Темірші ауылдық округінің Айнабұлақ, Қараағаш, Татан ауылдарында, Томар ауылдық округінің Томар ауылында, Угар ауылдық округінің Матақ ауылында, Мартбек Мамыраев ауылдық округінің Ақжол ауылында, Ынталы ауылдық округінің № 5 Разъезінде, Ынталы ауылында және Қарағайлы кентінде қардың көп еруінің және су тасқынына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 01.06.2017 № 04 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Садуакасов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Решение акима Каркаралинского района Карагандинской области от 18 апреля 2017 года № 02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 20 апреля 2017 года № 4222. Утратило силу решением акима Каркаралинского района Карагандинской области от 3 октября 2017 года № 05

      Сноска. Утратило силу решением акима Каркаралинского района Карагандинской области от 03.10.2017 № 05 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера" аким Каркаралинского района РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера, вызванную паводком и обильным таянием снега в селах Аккора, Акбай-Кызылбай, Белдеутас, Сарыобалы, Талды Касым Аманжоловского сельского округа, селах Айнабулак, Карабулак Балкантауского сельского округа, селах Бесоба, Карашокы, Кызылту Бесобинского сельского округа, селах Ежебай, Жанатоган Жанатоганского сельского округа, селах Аппаз, Жалпакшилик, Милыбулак, Саз Кайнарбулакского сельского округа, селе Караколь Каракольского сельского округа, селах Жанажол, Коктас, Саумалколь Каршигалинского сельского округа, селах Борлыбулак, Буркитты, Жанибек, Кент, Талды Киргизского сельского округа, селах Атантай, Коянды Кояндинского сельского округа, селах Бастал, Осибай, Колбасы сельского округа имени Ныгмета Нурмакова, селах Акшокы, Жарлы, Жекежал Нуркен Абдировского сельского округа, селах Актасты, Шилдебай Таттимбетовского сельского округа, селах Жарлы, Карынши, Тегисшилдик Тегисшилдикского сельского округа, селах Айнабулак, Караагаш, Татан Темиршинского сельского округа, селе Томар Томарского сельского округа, селе Матак Угарского сельского округа, селе Акжол Мартбек Мамыраевского сельского округа, Разъезде № 5, селе Ынталы Ынталинского сельского округа и поселке Карагайлы Каркаралинского района Карагандинской области.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения акима Каркаралинского района Карагандинской области от 01.06.2017 № 04 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации природного характера назначить заместителя акима Каркаралинского района М.Т. Садуакасова и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Каркаралинского района К. Максутов