Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 4122 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 17.05.2017 № 02 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      Қарағанды облысы Осакаров ауданының Осакаровка, Молодежный кенттерінің, Сарыөзек ауылдық округінің Сарыөзек, Шокай ауылдарының, Батпақты ауылдық округінің Батпақты, Сарыөзен ауылдарының, Қарағайлы ауылдық округінің Қарағайлы ауылының, Николаев ауылдық округінің Николаевка, Комсомольское, Топан ауылдарының, Озерный ауылдық округінің Озерное, Ералы ауылдарының, Тельман ауылдық округінің Тельманское ауылының, Садовый ауылдық округінің Садовое ауылының аймағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлы Ламбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Шайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады