"Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы 13 сессиясының № 193 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 4205 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 433 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 04.05.2018 № 433 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы № 612 "Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3722 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 сәуірде "Сельский труженик" № 16 (7500) газетінде, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 сәуірде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Хасенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық мәслихатының
13 сессиясының 2017 жылғы
15 наурыздағы № 193 шешімімен
бекітілген

"Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппараты) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау қызметшінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      Қызметшіні бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай - ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және қызметшінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес қызметші тікелей бағынатын тұлға, оның тікелей басшысы тұлға болып табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) қызметшінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) Осы Әдістеменің 1–қосымшасына сәйкес қызметшінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Бағалауды өткізу үшін қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, заң және кадр мәселелері бойынша бас маман (әрі қарай – маман) оның жұмыс органы болып табылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы ретінде маман болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. Жұмыстың жеке жоспары қызметшімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1–қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. Қызметші лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы қызметші жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. Қызметші жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана маманға беріледі. Екінші дана аудандық мәслихаттың аппарат басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Маман Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.

      Маман бағалауға жататын қызметшіні және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс – шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін қызметші тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл балдары атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшысының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжатайналым қызметі және қызметшінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде маман және қызметшінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қызметшіге әр бұзу фактісі үшін "-2 " мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, қызметші тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы қызметшінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы маман, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына қызметшімен қол қойылады.

      Қызметшінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда маман және қызметшінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Қызметшінің тікелей басшысы қызметшінің тоқсандық қорытынды бағасын келесі формула арқылы есептейді:

      ∑m = 100+a-в,

      ∑m - тоқсандық баға;

      а - көтермелеу баллдары;

      в – айыппұл баллдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша қойылады:

      80 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";

      80-нен – 105 (қоса алғанда) баллға дейін – "қанағаттанарлық";

      106-дан – 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді";

      130 баллдан астам – "өте жақсы".

5. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін қызметші тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспарды орындау бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша қойылады:

      жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштің орындалмағаны үшін - 2 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.

      31.Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын қызметші растайды.

      Қызметшінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда маман және қызметшінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырылады.

      32. Маман қызметшінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:     

      ∑жыл = 0,4*∑m + 0,6* ∑ЖЖ;

      ∑жыл– жылдық баға;

      ∑m - есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл;

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл;

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл;

      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;

      ∑ЖЖ - жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      3 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз";

      3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін - "қанағаттанарлық";

      4 баллдан бастап 4,9 баллға дейін - "тиімді";

      5 балл - "өте жақсы".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Маман Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Маман Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістемеге 4–қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекіту;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

      36. Маман бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда маманмен танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырылады.

      37. Осы Әдістеменің 34–тармағында көрсетілген құжаттар, сондай–ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы маманда сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, аппаратқа Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты аппарат екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолдайды.

      41. Қызметшінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" немесе "тиімді" бағалау нәтижелері бар қызметшілерге төленеді.

      44. Қызметшіні оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша қызметшінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      Қызметші Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. Қызметшінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез – келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, қызметші заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. Қызметшілердің бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Осакаров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша

      нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің

жеке жұмыс жоспары

      ________________________________________жыл

      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда))

      __________________________________________________________________________

      Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      __________________________________________________________________________

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштер*

Күтілетін нәтижелер

1

Мақсаттық көрсеткіш 1


2

Мақсаттық көрсеткіш 2


3

Мақсаттық көрсеткіш 3


4


      Ескертпе:

      * Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшеніп болуға тиіс.

      Қызметші                              Тікелей басшы

      _______________________                   __________________________

      (тегі, аты - жөні)                         (тегі, аты - жөні)

      күні _______________________             күні _______________________

      қолы ____________________             қолы ____________________

  "Осакаров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша

      нысан

Бағалау парағы

      _____________________тоқсан_____жыл

      (бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)): ________________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      _________________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту


Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер


1








2








3

...








Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:



      Қызметші                                     Тікелей басшы

      _______________________                   __________________________

      (тегі, аты - жөні)                               (тегі, аты - жөні)

      күні _______________________             күні _______________________

      қолы ____________________             қолы ____________________

  "Осакаров аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша

      нысан

Бағалау парағы

      _________________________________________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): ___________________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 -ке дейін




2

2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5-ке дейін




3

3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 -ке дейін




4

...





      Қызметші                                     Тікелей басшы

      _______________________                  __________________________

      (тегі, аты - жөні)                               (тегі, аты - жөні)

      күні _______________________             күні _______________________

      қолы ____________________             қолы ____________________

  "Осакаров аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
4-қосымша

      нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________________________

      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең

      (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелерінің комиссия мен тузетілуі (болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.





2.





...





      Комиссия қорытындысы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы: _______________________       Күні: _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы: _____________________             Күні: ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі: _________________________       Күні: _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты. (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады